Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар орталығында Тараз қаласында өтетін «Ән аға-Жан аға» концертіне арналған брифинг өтті.

Филармония директорының орынбасары Қ.Тортаев және «Сүгір» атындағы қазақ-ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі  Н.Жайлыбаев  Тараз қаласына жоспарланған гастрольдік сапар  жайында тілшілердің сұрақтарына  жауап берді. 

Сонымен қатар, спикерлер мәдениет мекемесінің қызметі мен алға қойған жоспарына тоқталды. 

Қазіргі таңда өнершеберлері 27 наурыз, Тараз қаласы,  Баласағұн концерт залында өтетін «Ән аға-Жан аға» концертіне қызу дайындық жұмыстарын жүргізуде.