Отырар ауданы,
М. Шойманов ауылдық мәдениет үйінде
Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы Дәстүрлі әншілерінің М.Ержановтың-125, М.Мақатаевтың-95,
Ш. Сариевтің-80,
К. Дүйсекеевтің-80 жылдығына арналған,
«Ән-терме» бабалар мұрасы атты концерті өтті.
Халқымыздың рухы, қазақ даласының кеңдігі, ерлік пен махаббаттың үні
Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі ән орындаушылардың шығармашылығы арқылы жаңғырды.
Кешті «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі,«Алаш» вокалды аспаптар ансамблі сүйемелдесе, «Фараб» би ансамблі биден шашу шашты. М. Шойманов ауылының әкімі, Мәдениет үйінің меңгерушісі филармония ұжымыны мәртебелі жетістіктер тілеп, кәде-сыйларын тарту етті.
Өнерсүйер қауым концерт деңгейін жоғары бағалап, ыстық ықыласын жаудырды.
Комментарий