Биыл Шәмші атамыздың туғанына 95 жыл толды. Осыған орай, Түркістан облыстық Ш. Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы Алматы қаласында «Ән аға-жан аға» атты концерт ұйымдастырып, әнсүйер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фойеде «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі Шәмші әндерін аспапта ойнап көрерменді қарсы алды. Әнсүйер қауым Шәмшінің өзі қолданған бұйымдарын, киімдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.Сондай -ақ Шәмші ауылынан алынған ұлттық тағамдардан арнайы дайындалған фуршет дастарханы арқылы дәм ауыз тиді. Панно-тақтайшаларынан Шәмші әндерінің шығу тарихынан хабардар болды.
Кеште 60 жылдан астам тарихы бар өнер ордасының әртістері мен эстрада жұлдыздары Ұлы композитордың таңдаулы шығармаларын орындады. Концерт барысында ән еркесінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрерменге жол тартты.
Ш. Қалдаяқов атындағы филармония ұжымына Республика сарайының залы көрерменмен толыққандығы, қошеметі асқан шабыт сыйлады.
Өнер ордасының келесі концерті бұрынғы кештерден де өзгеше және әсерлі болады.
Комментарий