Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» МКҚК-ның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24-28 қараша күндері ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында композитордың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында апталық өтеді.
Апталық шеңберінде:
25 қараша күні «Өнері өрге шалқыған орда» атты Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы туралы жинақтың тұсауы кесіледі.
26 қараша күні «Ақжайық» музыка мектебінің өнер шәкірттері мен филармония әртістерінің «Шәмші» ескерткішіне гүлшоқтарын қою рәсімі және мерекелік концерті өтеді.
27 қараша күні Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын еске алуға арналған зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел болады.
28 қараша күні Отырар ауданы Шәмші ауылындағы «Шәмші» мұражайымен танысу және ән-падишасының таңдаулы әндерінен концерт өткізу жоспарлануда.
24 желтоқсан күні апталықтың қорытынды «Ән аға-Жан аға» атты гала концерті «Конгресс холл» кешенінде өтеді.
Комментарий