Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ш.Қалдаяқов атындағы филармония» МКҚК-ның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24-28 қараша күндері ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында композитордың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында апталық өтуде.
Апталық аясында композитордың өмірі мен шығармашылығын еске алуға арналған зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің қадірлі қонақтары:
Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, Шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі,
ҚР мәдениет қайраткері,Әйелдер алқасының төрайымы Мұстафаева Ұлжан Әбенқызы,
Еңбек ардагері,ҚР Мәдениет қайраткері Әлжанов Тәліп Құланбайұлы,
ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты,өнертану ғылымының доценты,профессор, әнші-композитор Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы,
«Шәмші» деректі фильмінің режиссері Тілеген Ахмет Мүсілімұлы,
ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, «Бәйдібек» ауданының құрметті азаматы Төлегенов Нышан,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері Таженова Айжан Рахымғалиқызы, “Серпер” жастарсыйлығының лауреаты, Журналистер одағының мүшесі, Түркістан , Кентау қалаларының, Сауран ауданының құрметті азаматы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, белгілі композитор, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» Бекжігіт Сердәлі Кенжебекұлы, Айтыскер-ақын,
«Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, «Отырар» ауданының құрметті азаматы Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы,
«Шәмші Қалдаяқов» музей-үйінің меңгерушісі Серік Олжатаев Қуатбекұлы Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы тың ақпараттармен бөлісті. Ұлы композитордың 100 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту бағытында жұмыс жасалатындығы айтылды.
Сондай-ақ, «Шәмші» деректі фильмінің режиссері Тілеген Ахмет Мүсілімұлына «Ш.Қалдаяқов» атындағы мерекелік медалі табысталды. Барлық зиялы қауым өкілдеріне кәде-сый тарту етілді.
Айта кетсек, апталықтың қорытынды гала концерті желтоқсанның 24 жұлдызы күні сағат 19.00-де «Конгресс холл» кешенінде өтеді.
Пікір калдыру