Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді 27 наурыз, сағат 19:00-де «Баласағұн» концерт залында өтетін «Ән аға – жан аға» концертіне шақырамыз!
Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония өнер шеберлерінің жанды дыбыс, жанды дауыстағы концертіне келіп, әсерлі кештің куәсі болыңыздар!
Концерт «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен, филармония әншілерінің, сондай-ақ «Фараб» және «Ғасыр» би ұжымдарының қатысуымен өтеді.
Өтетін күні: 27 наурыз. Уақыты: 19:00. Орны: «Баласағұн» концерт залы.
Билеттер Ticketon платформасында сатылуда. Байланыс: 8 707 565 9191.
Комментарий