1–4 мамыр аралығында Өзбекстанның Сурхандария облысында ұлттық мәдениет пен бай фольклорлық мұраны дәріптеуге бағытталған «Boysun bahori» халықаралық фольклорлық фестивалі өтті.
Байқауға Өзбекстаннан 16 фольклорлық ұжым, сондай-ақ Ұлыбритания, Бельгия, Индонезия, Венгрия, Словакия, Грекия, Жапония, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен 15-тен астам ұжым мен жеке орындаушылар қатысты.
Халықаралық байқауға Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Тұмар» фольклорлық ансамблі қатысып, жүлделі III орынды иеленді.
«Тұмар» фольклорлық ансамблі халқымыздың бай мәдени мұрасын — ұлттық күйлер мен халық әндерін өнер мекемесінің дәстүрлі әншісі Руслан Ақынбеков және «Фараб» би ансамблімен бірлесе орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерімізді марапатпен құттықтаймыз!
Комментарий