Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді балалық шақ пен жастықтың ең жарқын естеліктерін қайта жаңғыртатын ерекше музыкалық кешке шақырамыз! Бұл кеш — жүрекке жақын әндер мен ұмытылмас естеліктер сыйлайтын ностальгиялық кеш.
Сіздерді сол бір қайталанбас дәуірдің әуендерімен бірге кассеталар мен магнитофондар, ретро теледидарлар, сағыздар мен балалық шақтың тәтті естеліктері, «Юпи» сусыны, аңызға айналған «Волга», ерекше ретро-фотозона және тағы да көптеген тосынсый күтеді.
Кеште Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның өнер шеберлері 80–90 жылдардың ең танымал хиттерін орындайды. «Алаш» вокалды-аспаптар ансамблі мен «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі кештің музыкалық шырайын келтіріп, сүйікті әндерге жанды сүйемелдеу жасайды.
Бұл кеште сіз жай ғана концерт тамашаламайсыз — өткен күндерге қайта ораласыз. Сағыздың дәмін, кассетаның үнін, ауладағы балалық шақты, алғашқы әндерді, жастықтың әдемі сәттерін еске түсіресіз.
30 қыркүйек, сағат 19:00. Түркістан қаласы, «Конгресс Холл» кешені. Билеттер Ticketon платформасында. Байланыс: 8 702 283 0236, 8 701 437 4342.
Комментарий