Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның Қазақ музыка әлеміне оң серпіліс енгізген Ұлы композитордың 95 жылдығына орай ұйымдастырған апталық шеңберіндегі іс-шаралары басталды.
Іс-шараның алғашқы күнінде филармония директоры Ерназаров Ғалымжан Бақытжанұлы апталықтың маңызы мен ерекшелігі туралы Түркістан облысының тұрңындары мен зиялы қауым өкілдеріне хабардар ету мақсатында телеарнаға сұқбат берді.
Айта кетсек, Ш. Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы бұған дейін ән еркесінің 95 жылдығына орай республика көлемінде жанды дауыста «Ән аға- Жан аға» атты концерттік жобасын ұйымдастырып, көрермен қошеметіне бөленді. Жарияланбаған әндерін жарыққа шығаруда тиімді жұмыстар жүргізді.
Комментарий