Түркі әлемінің алтын бесігі  - Түркістан облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясына қарасты «Ғасыр» би ансамблі 2024 жылы құрылды. 
Би ұжымы түрлі ұлт өкілдерінің биін көрерменге ұсынып, би өнерінің өркендеуіне үлес қосып келеді.               
Қазіргі таңда "Ғасыр" би ансамблі облыстық мәдениеттің дамуына бағытталған іс-шараларда абыройлы өнер көрсетіп, көрермен қауымның қошеметіне кенеліп келеді.