Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының Камералық оркестрі. 2026 жылға дейін жұмыс жасаған Скрипкашылар ансамблі ішекті-ыспалы аспаптармен толығып, Камералық оркестр болып құрылды. Ұжымның көркемдік жетекшісі Бахтияр Гапуров. 

Оркестрдің мүшелері әлемдік музыка қорын  біріктіріп, жаңа – тыңдаушылардың жүректерімен үйлесетін әуендер әлемін құру үшін жиналды. Бүгінде оркестр құрамында 10-нан астам кәсіби музыкант бар.