15 тамыз — қазақ музыкасының саңлағы, вальс королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осы атаулы күнге орай Түркістан облысы мәдениет басқармасының Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы композитордың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, рухына тағзым ету және мол мұрасын ұлықтау мақсатында «Ән аға – жан аға» апталығын ұйымдастырады.
15 тамыз, 09:00 — Шәмші Қалдаяқов ескерткішіне гүл шоқтарын қою және дәстүрлі әншілердің концерті. Орны: Шәмші аллеясы.
16 тамыз, 10:00 — композитордың үйіне гүл шоқтарын қою рәсімі. Орны: Шымкент қаласы.
17 тамыз, 17:00 — Шәмші мұражайымен танысу. Орны: Шәмші ауылы, «Шәмші» музей-үйі. Сол күні сағат 19:00-де «Ән-падишасының әндері» атты эстрадалық концерт Шәмші аудандық мәдениет үйінде өтеді.
18 тамыз, 11:00 — облыстық қарттар үйінде концерттік бағдарлама.
20 тамыз, 19:00 — Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған «Ән аға – жан аға» гала-концерті. Орны: Отырар ауданының орталық «Әл-Фараби» алаңы.
Баршаңызды қазақ әнінің падишасы, дара композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын бірге ұлықтап, тағылымды апталықтың көрермені болуға шақырамыз!
Add New Comment