Астана қаласында Түркістан облысы мәдениет басқармасының Ш. Қалдаяқов атындағы филармониясы ұйымдастырған «Ән аға – жан аға» атты концерттік жобасы жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында қазақ вальсінің королі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың халық жүрегінен орын алған әндері шырқалып, ұлттық өнер мен әлемдік классикалық әуеннің асыл мұрасы кеңінен насихатталды.
Концерт сахнасында филармонияның шығармашылық ұжымдары мен өнер шеберлері көрермендерге әсерлі музыкалық бағдарлама ұсынып, әсем ән мен сырлы сазға толы рухани кеш сыйлады.
Өнерсүйер қауым қазақ музыкасының жауһар туындыларын «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің, «Алаш» вокалды-аспаптар, «Тұмар» фольклорлық және «SHAUGAR» этно-ансамбльдерінің сүйемелдеуінде жанды дауыста тыңдап, ерекше әсерге бөленді.
Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған осындай мәдени жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Add New Comment