Астана қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде 25 маусым күні өтетін «Ән аға – жан аға» концерттік жобасына арналған брифинг өтті.

Брифинг барысында Түркістан облысы мәдениет басқармасының Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының директор міндетін атқарушы Айзада Екпінқызы мен директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары Қуатбек Ермекбайұлы концерттің мақсаты, мазмұны және көрермендерді күтіп тұрған ерекше бағдарлама жайында кеңінен баяндады.

Аталған жоба — қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың мол мұрасын насихаттауға бағытталған тағылымды музыкалық кеш.

Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді 25 маусым күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы Филармония концерт залында өтетін «Ән аға – жан аға» концертіне шақырамыз. Шәмші әуендері шарықтайтын, сағыныш пен сырға толы кештің куәсі болыңыздар!