Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар орталығында Тараз қаласында өтетін «Ән аға – жан аға» концертіне арналған брифинг өтті.
Филармония директорының орынбасары Қ. Тортаев және «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі Н. Жайлыбаев Тараз қаласына жоспарланған гастрольдік сапар жайында тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Спикерлер мәдениет мекемесінің қызметі мен алға қойған жоспарына да тоқталды.
Қазіргі таңда өнер шеберлері 27 наурызда Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында өтетін «Ән аға – жан аға» концертіне қызу дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Add New Comment