Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, киелі Түркістан өңірінің облыстық филармония өнерпаздары өздеріңізді Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай, жанды дыбыстағы оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтетін «Ән аға-жан аға» атты концертіне шақырамыз.
Кеште филармония өнер шеберлері мен эстрадамыздың жарық жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сіздер Шәмші ауылынан келген музейден композитордың өзі қолданған бұйымдары мен мандолин аспабын көре аласыздар. Таңдаулы әндерінің тарихымен таныс болып, фуршет дастарханынан киелі өңірден арнайы алдыртқан ұлттық тағамдардан дәм тататын боласыздар.
Ендеше 24 сәуір, сағат 19.00-де Республика сарайында біз сіздерді күтеміз.
Билеттер тикетон сайтында сатылуда.
Add New Comment