Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Жұбановтар әуені» байқауының жеңімпазы «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі мен «Алаш» вокалды-аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен ескіні еске алған әсерлі кеш өтті.
Кештің ерекше тұсы — 80–90 жылдары танымалдығы артқан ретро хит әуендердің шырқалуы. Әйгілі Досмұқасан, ABBA, Modern Talking, Ю. Шатунов сынды отандық және әлемдік танымал әртістер мен топтардың, сондай-ақ әлемге танымал кинофильмдердің саундтрегі филармония әншілерінің орындауында көрерменге жол тартты.
Ұлттық аспаптың дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған концерттік жоба алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында ұсынылған болатын. Өнерсүйер қауымның өтінішімен бұл жылы да жаңа сарында шыңдалып, қайта ұсынылды.
Күнделікті күйбеңнен бір сәт демалып, өткеннің естелігін жаңғыртқан әсерлі кеш көрермен қауымның көңілінен шығып, ыстық ықыласына кенелді.
Пікір калдыру