Құрметті Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған «Ән аға – жан аға» атты мерекелік концертіне шақырамыз!

Күні: 20 тамыз. Уақыты: 19:00. Орны: Отырар ауданы, орталық «Әл-Фараби» алаңы.

Кеште Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік әндері шырқалып, Ш. Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «SHAUGAR» этно-ансамблі, «Фараб» және «Ғасыр» би ұжымдары қатысады.

Кіру тегін! Ұлы сазгердің әндеріне бірге қанығып, әсерлі кештің куәсі болыңыздар!