2017 жылы өнер әлеміне жаңа есім, тың леп болып «Сарын» тобы енді. Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілерінен құралған топ өнер жолын жемісті бастады.
Атап айтар болсақ, жетістігі мол, олжасы орасан топ 2017 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауынан бас жүлде, ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы тарлан» сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері И. Сапарбайдың «Еркіндігім елдігім» атты республикалық ән байқауында жүлделі ІІ-орын,сол жылы «Ауыл әуендері» облыстық патриоттық ән байқауында Бас жүлдені, 2018 жылы облыстық «Мәңгілік ел» патриоттық ән байқауында Бас жүлде, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет ордендерінің» иегері, композитор К. Дүйсекеев атындағы «Туған жер» VI республикалық әншілер конкурсында І-орын, «Мырзашөл жұлдыздары» облыстық ән байқауында І-орынды иеленді. 2019 жылы Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтың әндерін орындаушылардың Х Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінде «Сарын» тобы өнер додасында оза шауып, 1-орынды иеленді.
Қызылорда қаласында өткен Республикалық Роза Бағланова атындағы «Ақ маңдайлым» ән байқауында 3-орынды иеленсе. 2019 жылы Облыстық «Шабыт» ән байқауында Бас жүлде иегері атанды. Сол жылы «Жылдың үздік әншісі» номинациясын да Сарын тобы иеленіп, талғамы биік көрерменнің ықыласына бөленді.
«Сарын» тобының құрамындағы Жамбыл Құрбаналиев, Болат Құрманалиев, Бағдат Сейітбеков бүгінде топ құрамында да жеке шығып та талантымен танылып жүр. Ендеше, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, өнер сүйер қауымның қошеметіне бөленіп жүрген «Сарын» тобы алдарыңызға жеке шығармашылық кешімен келіп қалды.
Кеш ағымдағы жылдың 11 қараша күні, сағат 19,00-де Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония концерт залында өтті. Концертті филармония жүргізушісі, көркем сөз шебері Жандос Өсербай жүргізсе, «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі мен «Алаш» вокалды ансамблі сүйемелдеді. Сонымен қатар, көрермен қауым «Фараб», «Ғасыр» би ансамблінің өнерін тамашалады. Қадірлі қонақтарымыз эстрадамыздың жарық жұлдызы «Қ.Р мәдениет қайраткері» медальінің иегері, филармония әншісі Тәженова Айжан мен Жүнісбеков Асқар кештің сәнін келтірді.
Пікір калдыру