Түркістан облыстық Мәдениет басқармасына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония залында 23 жылдық тарихы бар Халықаралық «Жұбановтар әуені» байқауының лауреаты «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен танымал шетел және әлемге танымал кинофильмдердің әуені ұлттық аспапта орындалды.
Ұлттық мәдениетті, музыка өнерін насихаттауға бағытталған «Кино әуендері» атты концертте фильмнің дизайнын толықтырып тұратын танымал «Такси», «Менің атым-Қожа», «Нурикамал», «Ирония судьдбы или С легким паром», «Қара севда», «Великолепный век», «Тақиялы періште» сынды кино фильмдердің әуендері «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сонымен қатар, халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері, филармония әншілері Руслан Ақынбеков, Оразәлі Жаңабаев, Мағжан Әлтенбаев, Данияр Барыс, Маргарита Кин, Нұрислам Қлыштың орындауында көрермен қошеметіне бөленді.
Пікір калдыру