Қазығұрт аудандық мәдениет үйінде «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әлемге танымал кино сазын қамтыған «Кино әуендері» атты концерті өтті.
Танымал түрік, үнді, корей, қазақ киноларының, мультфильм саундтректерінің ұлттық аспапта орындалуы сондай-ақ сантүрлі аспаптың әуезді үні көрерменнің таңданысын оятты.
Көрермен қауым лэд экран арқылы кино үзіндісін көріп, оның сазын ұлттық аспаптың сүйемелдеуі мен филармония әншілерінің жанды дауыста шырқалуының куәсі болу мүмкіндігіне ие болып, ризашылықтарын білдірді.
Айта кету керек, аталмыш концерт 14 наурыз Ордабасы ауданында, 26 наурыз Сайрам ауданында, 28наурыз Бәйдібек ауданында өтетін болады.
Пікір калдыру