Түркістан облысының мәдениет басқармасының Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның орыс халық аспаптар ансамблі 1980-шы жылдардың соңында пайда болды. Репертуар сол кездегі ұжым басшылығы пен солистердің тілектерін ескере отырып қалыптасты. Ансамбльмен белгілі әншілер Дана Бекенова, Ұлмекен Елеуова, Юрий Бондаренкомен жұмыс істеп,Шаинскийдің балалар әндерінен бастап әлемдік классикаға дейін орындады. Әсіресе, жақсы естеліктер қатарында облыстық Татар мәдени орталығымен, ағайынды Гиззатулиндермен, Шамиль Шагалимовпен концерттермен байланысты. Басқа ұлттық орталықтармен: армян, грузин, еврей, қазақ, неміс орталықтарымен ынтымақтастықта болды. Армян орталығымен Комитастың классикалық шығармаларын және армян халықтық билерін орындап, грузинмен бірге хор шығармалары мен отты әуендері бар вокалды-аспаптық концерттерге қатысты. Еврей орталығы ұжымды клезмер музыкасын орындауға шақырды, бұл стильдің ритақты ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік берді. Неміс орталығымен бірлесіп халық вальстары мен полктерін орындады, ал қазақ орталығымен түрлі жанрлар мен дәстүрлерді біріктіретін ауқымды концерттік бағдарламаларға қатысты.
Ансамбльдің еңбек жолы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құрман Шоинбаевпен тығыз байланысты. Шығармашыл ұжым көптеген жеке концерттерде сүйемелдеді. Сонымен қатар, ансамбль "Қазақ романсиадасы" халықаралық романс орындаушылар байқауының тең құрылтайшысы болды, ал ансамбль жетекшісі «Құрмет» орденының иегері А.Коротков 15 жыл  байқаудың көркемдік жетекшісі болды. Дарынды музыкант белгілі өнер иелері Әлібек Дінішевті, Нани Брегвадзені, Бибігүл Еркебаеваны және басқа да көптеген музыканттарды сүйемелдеді. 

Ал, ансамбльдің өз мақтаныштары,көптеген байқаулардың лауреаттары– Дана Бекенова, Геннадий Голованевский, Елена Короткова, Маргарита Кин болса,ансамбль жетекшісі А.Коротковтың шығармашылық жобалары «Қыздар» тобы, «Сарын» триосы, Рысдәулетовтер отбасылық «Өркен» квинтеті ансамбльдің жылдар бойы жасаған еңбектің жемісі болып табылады.